Димаш түркі елдерінің көшбасшылары алдында өнер көрсетті

Ақорда

Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің президенттері Түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Концерт бағдарламасына «Түркі әлемі» ансамблі мен Түркия Республикасының Президенттік симфониялық оркестрінің орындауында ТМҰ-ға мүше елдердің таңдаулы шығармалары енді. Жоғары мәртебелі қонақтарға түркі мемлекеттерінің дәстүрлі билері де көрсетілді.

Сондай-ақ концертте танымал түрік әншісі Кырач пен Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

30 қазанда Анкарада ТМҰ-ның XIII саммиті өтеді. Кездесу Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның төрағалығымен ұйымдастырылған.

Саммитте тараптар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, саяси ықпалдастықты нығайту, ортақ көлік дәліздерін дамыту, энергетика және цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.