Күрес түрлерінен Азия чемпионаты: қазақстандықтар 9 медаль жеңіп алды

Сырым Қаржас

Амманда (Иордания) күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulys Sport.

ҚР ҰОК

Ұлттық Олимпиада комитеті қазақ «классиктері» чемпионаттың жалпыкомандалық есебінде үш алтынмен жеңіске жеткенін хабарлады.

Осылайша, балуандарымыз үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Жеңімпаздар қатарынан Ербол Камалиев (55 келіге дейін), Нұрсұлтан Базарбаев (63 келіге дейін), Мерей Мәулітқанов (72 келіге дейін) табылды.

Ал Диас Әскербай (67 келіге дейін), Расул Жүніс (77 келіге дейін), Альмир Төлебаев (82 келіге дейін) және Мақсат Сайлау (87 келіге дейін) чемпионатты екінші орынмен аяқтаса, Бақдәулет Азамат (97 келіге дейін), Асылбек Жәнібекұлы (130 келіге дейін) үшінші орын иеленді.