Еліміздің Туризм және спорт министрлігі Парижде өтетін биылғы Олимпиада ойындарында ұлттық құрама командамыз қанша медаль алатыны жайындағы болжам жариялады, деп хабарлайды Ulys Sport.
Gracenote компаниясы Олимпиаданың басталуына бір ай уақыт қалғанда медальдер болжамының соңғы нұсқасын ұсынып отыр.
Сарапшылар Қазақстанның 2 алтын, 2 күміс, 6 қола жүлде алып, жалпыкомандалық есепте 26-орынға тұрақтайтынын болжап отыр.
Ал Өзбекстан өз кезегінде 3 алтын, 2 күміс, 6 қола медаль алатын көрінеді.
Алдыңғы орындарды АҚШ, Қытай, Франция, Нидерланд және Ұлыбритания елдері алады деп болжаныпты.
Олимпиада ойындары
Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында Парижде XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Оған 200 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп күтіліп отыр. Спорттың 32 түрінен барлығы 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Қатысушы командалардың шеруі Сена өзенінің бойында өтеді, елдердің делегациясы жеке қайықпен жүреді. Ойындардың жабылу салтанаты 11 тамызда «Стад де Франс» стадионында өтеді.