Қазақстандық танымал теннисші Елена Рыбакинаның екі турнирден шеттетілгеннен кейін қай орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulys Sport.
Әйелдер теннисі қауымдастығы өзінің ресми сайтында жекелей сын бойынша рейтингін жаңартты.
Елена Рыбакина рейтингтегі үздік қазақстандық әйел ретінде өз орнын сақтап қала алды. Ол соңғы екі турнирден шығып қалғанына қарамастан, төртінші орында қалды.
Жаңартылған WTA рейтингі:
1. Ига Швятек (Польша) – 11 585 ұпай.
2. Кори Гауфф (АҚШ) – 7943.
3. Арина Сабаленко (Беларусь) – 7841.
4. Елена Рыбакина (Қазақстан) – 6026.
5. Джессика Пегула (АҚШ) – 5025.