Антикор былтырдан бері іздеуде жүрген азаматты ұстады

Сырым Қаржас

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2023 жылдан бері іздеуде жүрген «У» есімді азаматты ұстап, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор

Қолға түскен азамат бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деген күдікке ілінген.

Оның Алматы қаласы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен алаяқтық жасаған.

Осы жылдың 14 маусым күні Бішкек қаласында «У» азаматы ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайын екенін хабарлады.

Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен азамат «У» Қырғыз Республикасының шекарасынан өтіп, Алматы қаласына жеткізілді.

Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.