Сарапшы бүкіл елде сағаттың теңесуін “сандырақ” деп атады

Ғалиасқар Думан

Медицина психологы әрі PhD-кандидат Евгений Ян Қазақстандағы уақытты ауыстыру логикасын сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

Сарапшы осынау "инновациялардан" ешқандай логиканы көрмейді.

"Ғалымдардың бірі бұл мәселе бойынша 800-ден астам ғылыми еңбектері бар екенін айтты. Сіз мені кешіресіз, мен қазіргі сөзбен айтамын, бірақ бұл "кринж” (сандырақ), – деді ол мәселені талқылау кезінде. 

1 наурыздан бастап Қазақстанның кейбір өңірлері жаңа уақытқа ауыстырылды. Қазір бүкіл ел бір уақыт белдеуінде.

Ресми мәлімдемелерден аударма бастамашылары – қазақстандықтардың өздері, ал мемлекеттік органдар "халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидаттарына сәйкес халықтың талабын орындағандай болады. Бірақ бұл өзгеріске қарсылар көп. Тіпті петиция жазғандар бар.

Петиция

Шенеуніктер бұған дейін уәде еткендей, енді Үкіметте Қазақстандағы бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петицияны қарау үшін жұмыс тобын құрылуы тиіс. Себебі ірыңғай уақыт белдеуіне қарсы ресми петиция 50 мың қол жинаған. 

Жаңа уақыт белдеуі

Қазақстан бүгіннен бастап жаңа уақыт белдеуіне көшіп, бүкіл елде уақыт теңестірілді. 

Үкімет басшысы таяуда Қазақстан аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы қаулыға қол қойған еді. 

Құжатқа сәйкес, елде Қазақстанда уақытты есептеу сағат белдеулерінің халықаралық жүйесі бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырды.

19 қаңтарда үкімет Қазақстанның барлық аумағында UTC+5 уақыт белдеуін енгізу туралы қаулыны бекіткен еді.