Қазақстанда ресми есепте тіркелген 2 млн бас мал шынында жоқ болып шықты

Ғалиасқар Думан

Ауыл шаруашылығы министрлігі статистикалық мәліметтерді қайта жаңартты, деп хабарлайды Ulysmeida.kz.

Коллаж Ulysmedia

Министрлік не дейді

Министрлік ауыл шаруашылығын дамытудағы жүйелі проблемалық мәселелердің бірі ретінде жалған статистиканы атап өтеді. Яғни қала, кент және ауылдық округ әкімдері жүргізетін шаруашылық есебі негізінде салалық статистиканың бұрмаланып кетеді.

Жалған статистиканың салдары

Қате кіріс деректері нарықтағы өнім тапшылығын туғызып, артық өндіріс, мемлекеттік қолдаудың жеткіліксіздігі және басқа да жағымсыз салдарлар сияқты күрделі мәселелерге апарып соғады.

Сәйкестендіру

Саланың тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мал шаруашылығы саласындағы статистикалық деректерді сәйкестендіру жұмыстарын аяқтаған.

- 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны бағытындағы әр шаруашылық бойынша электрондық есепке алу деректерін өзектендіру нәтижесінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қоса алғанда, ірі қара мал басы шамамен 2 млн басқа, сүт өндірісі 3 млн тоннаға, қой саны - 14% -ға, ешкі - 20%, шошқа - 34%, үй құсы - 22%, тірі салмақтағы ет өндірісі - 15%, тауық жұмыртқасы - 10% қысқарды, – деп хабарлайды министрлік.

Тиісті деректер жоспарлау мен ішкі нарықты реттеу бойынша шешімдер қабылдау сапасын арттырады. Дәл осындай жұмыстар өсімдік шаруашылығында да жүргізіліп жатыр. Оны 2024 жылдың тамыз айына дейін аяқтау жоспарланған.