Қазақстанда доллар қымбаттап барады

Ғалиасқар Думан

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 475,18 теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Zakon.kz

28 маусымнан бастап доллар бағамы 3,72 теңгеге, бір айда 27,9 теңгеге өскен.

Ақша айырбастайтын орындарда доллар орташа есеппен 474,5-474,8 теңгеге сатып алынады. 476-477,5 теңгеге сатылады.

Бұған дейін маусым айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 5,5% әлсірегені хабарланған болатын.