Қырғызстандағы сел: Тоқаев Жапаровқа көңіл айтты

Сырым Қаржас

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Ош облысы Нооқат ауданында сел жүру салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қырғыз президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады, 

Қырғызстан ТЖМ

– Қазақстан халқының және жеке өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Қазақстан тату көршілік және өзара қолдау рухында табиғат апаты болған елді мекенге гуманитарлық көмек жіберді. Қажет болған жағдайда, бауырлас Қырғызстанға жәрдем беруге әзірміз, – деп жазылған жеделхатта.

Қырғызстандағы сел

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, сел тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен Қазақстанның төрт баласының денесі табылған. 28 маусымда Қырғызстанда қатты жауын-шашынның салдарынан Ош облысының Ноокат ауданындағы жойқын сел болып, тұрғындар мен туристер опат болды.