Атырау облысының шекарасы өзгеруі мүмкін

Ғалиасқар Думан

Қоғамдық талқылау шілде айының ортасына дейін ашық, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

"Ашық НҚА" порталында Премьер-Министр Олжас Бектеновтың Атырау облысының шекарасын өзгерту туралы қаулысы пайда болды. Оларды аймақ шекарасы мен Каспий теңізі арасындағы жерлерді қосу арқылы кеңейту жоспарлануда. 

"Атырау облысының аумағына облыс шекарасы мен Каспий теңізіндегі Қазақстанның аумақтық суларының сыртқы шегі арасындағы жалпы ауданы 3 954 015,3 гектар жерді қосу арқылы Атырау облысының шекаралары өзгертілсін", – делінген құжатта.

Облыс әкімі Серік Шапкеновтың түсіндірме жазбасында жобаны қабылдау бюджеттен қосымша қаражатты пайдалануды талап етпейтіні атап өтілген.

Қоғамдық талқылау 15 шілдеге дейін ашық.