Тоңып қалмаңыз: синоптиктер ауа-райын болжады

Ғалиасқар Думан

«Қазгидромет» РМК 2-4 шілдеге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне кең ауқымды циклон әсер етеді, сонымен байланысты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күндіз солтүстік-батыста  +28+35°С дейін, солтүстікте +20+28°С дейін, орталықта +22+33°С дейін, оңтүстік-шығыста +27+36°С дейін, оңтүстікте +33+38°С дейін біртіндеп жоғарылауы күтілуде. Еліміздің батысында +35+42°С дейін қатты ыстық күтіледі.