Қазір өз-өзіне қол жұмсаған инкассатордың ісі бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Halyk инкассациясы" компаниясы Ақтау банкіндегі инкассатордың өз-өзіне қол жұмсау ісіне түсініктеме берді.
– Ақтаудағы инкассатордың өз-өзіне қол салғанын қалалық полиция басқармасы растады. Қайғылы оқиға орын алған "Halyk Инкассация" үй-жайында жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Компания тергеу аяқталғанға дейін істің мән-жайы жөнінде кез келген түсініктеме мен жария етуден бас тартады, - делінген хабарламада.
Оқиға қалай болды
Бұған дейін Ақтауда инкассатор 10 миллион теңге ұрлап, өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланған болатын. Оқиға қаланың 14 шағын ауданында болған.
Ақша ұрлағаннан кейін 1981 жылы туған ер адам банк ғимаратының жертөлесіне кіріп, өзінің басынан табельдік қарумен оқ атқан.