Ақмола облысы ТЖД-да көрсеткен қайсарлығы үшін Артур Гаитовты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Өзі гипспен жүрген
ТЖМ хабарлауынша, Артур Гаитов өзін батыр деп санамайды, алайда олардың үйінде болған өрт кезіндегі әрекеттері құрметке ие.
Төтенше жағдай орын алған кезде, ол абдырап қалмай, бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған. Кейін бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен. Футбол ойнап аяғын жарақаттап алған ол сол кезде гипспен жүрген.
“Құтқарушы боламын”
Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Акильжанов ТЖ министрінің жарлығымен 10 жасар батырға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін табыстады. Айтпақшы, оқушы болашақта құтқарушы боламын деп шешкен.