Атырау-Орал тас жолы жабылады - жүргізушелер не істейді

Ғалиасқар Думан

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штаб қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпаратына сүйене отырып, өңір жүргізушілерін ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Ашық дереккөзден

3  шілдеде Атырау-Орал тас жолының белгілі бөлігі уақытша жабылады.

"Ағымдағы жөндеу жұмыстарына байланысты 3 шілдеде сағат 8:00 - ден Атырау қаласынан Махамбет ауылына дейінгі Атырау-Орал Республикалық маңызы бар трассасының 5-67 шақырымында учаске жабылады", - делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстары тек 8 шілдеде аяқталады.

Орал қаласына баратын жеңіл автомобильдер Атырау-Индер жолын пайдалана алады. Ауыр жүк машиналары үшін Махамбет-Х. Ерғалиев - Таңдай бағыты бойынша жол ашылды.