Си Цзиньпин Ақордада келді

Сырым Қаржас

Қытай төрағасы Си Цзиньпин Ақордаға келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

3-4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай Ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы қарсаңында қытай көшбасшысы Си Цзиньпин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада кездесу өткізіп жатыр.

Әдетте қазақстандық журналистер осындай жоғары кездесулер кезінде Ақордада жүретін. Алайда бұл жолы олар шақырылмады. Барлық іс-шараны журналистер Қазмедиа орталығындағы экраннан көріп отыр. Шетелдік журналистер офлайн режимінде болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 3-4 шілдеде Астанада ШЫҰ саммиті өтеді. Іс-шараға Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Катар, БАӘ, Түркия және Түрікменстан мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ ШЫҰ бас хатшысы және ұйымның аймақтық терроризмге қарсы құрылымының атқарушы директоры қатысады.