БҰҰ бас хатшысы мен Моңғолия президенті Қазақстанға ұшып келді

Сырым Қаржас

Алматы әуежайында билік өкілдері бас хатшы Антонио Гуттеришті, ал Астанада Моңғолия президенті Ухнаагийна Хурэлсуханы қарсы алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет

Олар Шанхай Ынтымақтастық ұйымы саммитіне ұшып келді.

Моңғолия – 2004 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымында бақылаушы мәртебесін алған алғашқы мемлекет. Сол кезде бірлестік географиялық тұрғыда кеңейе түсті, бұл ШЫҰ-ның халықаралық беделінің артуына дәлел болды. 

Қазақстан-Моңғолия ынтымақтастығы аясында дәстүрлі достық саяси қатынастардан басқа, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимыл екіжақты ынтымақтастықтың берік негізі екенін  атап өткен жөн. 2023 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы $133 млн құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 27,7%-ға өсім көрсетті.