Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады

Сырым Қаржас

Астана халықаралық университеті негізінде атақты Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы ашылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: BLCU

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі әлі де өткізіліп жатыр. Министрлік басшылары олардың алдында сөз сөйлеп, қол жеткізілген уағдаластықтар жөнінде хабарлады. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл алғашқы 100 студент Бейжің тіл және мәдениет университетінің Қазақстандық филиалында оқуын бастайтынын атап өтті. Министр филиалдың ашылуға дайын екенін айтты.

Университет жайлы

Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы Астана Халықаралық университетінің базасында ашылады. Ол ЭКСПО аумағында орналасқан. Бұл университетте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай тілін оқыған. Ашылу Си Цзиньпиннің сапары аясында өтуі керек.

"Бұл HSK-тің алғашқы сертификаттау орталығы болады. Бұл TOEFL немесе IELTS сияқты қытайлық сертификат. Қытай тілін үйренетіндердің барлығына ешқайда барудың қажеті жоқ, Астанада тапсыруға болады", - деді Саясат Нұрбек ОКҚ брифингінің бірінде.

ШЫҰ саммиті

ҚХР басшысы Си Цзиньпин мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесуі 3-4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы қарсаңында өткізіліп жатыр. Іс-шараға Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзірбайжан, Катар, БАӘ, Түркия және Түрікменстан мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы және ұйымның Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры қатысады.

Қазақстан астанасына Ресей президенті Владимир Путин мен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух келді. Сондай-ақ Алматыға БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш жетті.