Қазақстанда тегін берілетін дәрі-дәрмектің тізімі едәуір қысқарады

Сырым Қаржас

Қазақстанда пациенттерге тегін берілетін дәрі-дәрмектің тізімі едәуір қысқарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pixabay/katicaj

Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығының жобасына сәйкес тізімнен аурудың 32 түрін емдеуге арналған 38 препарат алынып тасталады. 

"Тегін" тізімінен алынып қалатын дәрі-дәрмек ішінде аурулардың келесі түрлерін емдеуге арналған препараттар бар: 

  • асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы;
  • ауруханадан тыс пневмония;
  • гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы;
  • бас сүйек нервтерінің зақымдануы;
  • жедел/созылмалы синусит;
  • жедел/созылмалы кератит;
  • эритема көп формалы;
  • сүт безінің қатерсіз дисплазиясы;
  • эндометриоз;
  • несеп-жыныс жүйесінің созылмалы инфекциялары;
  • гастрит және дуоденит;
  • созылмалы панкреотит;
  • холецистит;
  • өт тас ауруы;
  • мигрень.  

Денсаулық сақтау министрлігі бұл аурулар өлім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейді деп мәлімдейді. 

Құжат 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.