Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында қозғалыс шектеліп, автобустардың бағыты өзгереді

Сырым Қаржас

Қаланың қоғамдық көлік қызметіне жауапты CTS компаниясы Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында қозғалыс шектелетінін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

– Астана қаласының құрметті қонақтары мен тұрғындары! 4 шілдеде №№ 3, 4, 4А, 14, 19, 21, 29, 29А, 32, 40, 43, 50, 58, 66, 84, 202, 203 бағдарлардың сызбасы уақытша өзгереді. Өзгерту Тәуелсіздік даңғылы бойында көлік қозғалысына шектеу шаралары жүргізілуіне байланысты. Аталған бағыттардың өзгертілген сызбаларын @cts_kz-тің Instagram Taplink-тен қарауға болады, – делінген компания хабарламасында.

Ертең Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті Астанада өтеді. Ауқымды шараға 16 елден президенттер, үкімет басшылары және беделді халықарлық ұйым жетекшілері қатысады. Алқалы жиын алғаш рет ұйымға мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысы мен кездесуі форматында өтеді.

Астана декларациясынан бастап, «Әділ бейбітшілік, келісім және даму үшін әлемдік бірлік туралы» және «ШЫҰ-ын жетілдіру туралы» бастамалар қабылданады. Сонымен қатар, Беларусь ұйымға мүше мемлекет мәртебесі беріледі. Жалпы, мемлекет басшылары өзекті халықаралық әрі өңірлік проблемалардың шешімін қарастырады.