Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 472,57 теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 472,57 теңгені құрағаны белгілі болды. Өсім 0,68 теңгені құрады.
Қазақстан Ұлттық банкінде бір доллар үшін 471,83 теңге ресми бағам белгіленді.
Осы уақытта Алматының айырбастау пункттерінде доллар 474 теңгеге сатылады, 472 теңгеге сатып алынады. Астана айырбастаушыларында 469 теңгеге сатып алынады, 474 теңгеге сатылады.
Бұған дейін сарапшылар Қазақстанда доллар бағамының өсуі әлі шарықтау шегіне жеткен жоқ деп болжаған болатын.
Оның алдында Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов биылғы жылы экономика бұрынғыдай деңгейде емес екенін, сондықтан теңгені нығайту іргелі сипатта болмағанын атап өткен еді.