Сот кабинеті порталында әдетте отырыстар кестесі жарияланатын. Бүгін Ulysmedia.kz журналистері порталдан қателік кетіп, жалған ақпарат тарағанын анықтады.
БАҚ-қа арналған портал сұранысқа ие ресурс, мұнда журналистер күн сайын сот отырыстарының кестесін қадағалайды. Бүгін "Сот кабинетінде" жарияланған кесте шындыққа жанаспайтыны белгілі болды. Атап айтқанда, бұл - апелляциялық сатыдағы істер қаралатын Астана сотына қатысты мәлімет.
Кесте бойынша сағат 15.00-де бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша апелляция қаралуы керек болған. Алайда кейінірек бұл процес үшінші емес, бесінші шілдеге жоспарланғаны белгілі болды.
Дәл осындай оқиға Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты әкімшілік істе те болды. Оның әйелі Карина күйеуі өзіне зорлық-зомбылық жасады деп айыптаған еді. Сәкен Мамаш 28 маусымнан бастап 15 тәулікке дейін қамауға алынған. Бұл шешіммен келіспеген бұрынғы дипломат апелляцияға берген.
Апелляция кесте бойынша бүгін сағат 16.30-ға тағайындалған. Алайда соттың баспасөз қызметі іс әлі сот сатысына түспегенін хабарлады.