Өтіп бара жатқандар ажыратқан: Астанада жас жігіт тапа-тал түсте бойжеткенді ұрды

Ғалиасқар Думан

Әлеуметтік желілерде Астана тұрғыны бойжеткенді ұрып, онысын өтіп бара жатқан адамдар көріп қалып, ара түскен. Осы оқиғадан кейінгі сәтті сол адамдар видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скриншот

Видеода ұрып-соққан кадрлар жоқ. Өйткені авторлардың айтуынша, камераны көрген жігіт соғуын тоқтатқан.

Бейнежазбаларды түсірген әйелдер жігіттің бірден бойжеткеннен алыс кетуін талап етеді, бірақ ол тек қобалжып, оны түсірмеуін өтінеді. 

Жанындағы бойжеткен үнсіз жылап отырады. 

– Мен видеоға түсіріп жатырмын, сіздің қызды ұрып жатқаныңыздың дәлелі бар, міне, мына әйел куәгер. Бойжеткенді босатыңыз. Өз іс-әрекеттеріңіз үшін жауап беру керек, - дейді әйел

Әлеуметтік желі қолданушылары видеоның авторын қолдап, бірде-бір адам зорлық-зомбылық актілерін көрсетпеуі тиіс екенін айтады.