АҚШ Украинаға зымырандарды қағып түсіретін қару сатып алу үшін $2 млрд бөлді

Сырым Қаржас

АҚШ Украинаға Patriot пен NASAMS әуе қорғаныс жүйелерін сатып алу үшін 2,2 миллиард доллар бөлді. Бұл жөнінде Ulysmedia.kz порталы Пентагонға сілтеме жасап хабарлайды.

US Department of Defence

– Украина өз халқын және инфрақұрылымның маңызды нысандарын Ресейдің әуе шабуылдарынан қорғау үшін өте қажет зениттік зымырандарды алады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Джо Байден Киевке 150 миллион доллар көлемінде қосымша әскери көмек бөлуді бұйырды. Осы көмек пакеті аясында Украинаға АҚШ қорларынан HIMARS, зымыран жүйелері, артиллериялық снарядтар және басқа да қару-жарақ жеткізіледі.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер бұл Байден сәуір айында Украинаға көмекке қаражат бөлуді көздейтін ұлттық қауіпсіздік туралы заңға қол қойғаннан бері Киевке берілген жетінші көмек пакеті екенін атап өтті. Пентагон бұл 2021 жылдан бастап Киевке АҚШ Қорғаныс министрлігінің қорларынан берілген 60-шы әскери көмек пакеті деп мәлімдеді.