ІІМ WhatsApp-тағы алаяқтық схемалар туралы ескертті

Айнель Аянова

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды алаяқтардың тағы бір қылмыстық схемасы туралы ескертті, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Фото: Pexels.com

«WhatsApp-та сізге кенеттен досыңыз немесе туысыңыз үлкен сома ақша қарызға сұрап жазды ма? Міндетті түрде сұраңыз - ол не үшін қажет және ақшаны қай шотқа аудару керек. Бәлкім, сізге РБК картасын немесе шот нөмірін жібереді. Егер сіз өзіңіз аударым жасауды ұсынсаңыз, мысалы, Каспий арқылы, олар картаның қайта шығарылып жатқанын айтады. Алаяқтар осылайша өздерінің қылмыстық схемасын қолданады», – деп жазылған хабарламада. 

ІІМ өкілдерінің сөзінше, алаяқтар фишинг арқылы мессенджерлерге қол жеткізіп, осындай хабарламаларды таратады.

«Сенбеңіз! Жақындарыңызға немесе достарыңызға қайта қоңырау шалыңыз. Оларға параметрлерден байланысқан құрылғыларды жоюды кеңес беріңіз. Байланысқан құрылғыларды жою үшін WhatsApp немесе Telegram-ға кіріп, параметрлерден "Байланысқан құрылғылар" опциясын таңдау керек. Егер құрылғы сізге таныс емес болса, «Шығу» түймесін басу қажет», – дейді ІІМ өкілдері.