Қатты жауын-шашын: Алматыны су басу қаупі бар

Сырым Қаржас

Бұл туралы Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

2024 жылғы 04 шілдедегі №23 “Қазгидромет” РМК дауылды ескерту негізінде 2024 жылғы 05-07 шілде аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында еңіс ағынының қалыптасуы және өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Бұл ретте судың ағыстан шығу мен су басу қаупі бар.

Қауіпті белгілерден асқан кезде өзендердің Жайылма учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.