Алматы маңында су деңгейі көтеріліп, сел жүруі мүмкін

Айнель Аянова

Алматыда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Фото: fvv.uz

«Қазгидромет» РМК жариялаған ескертуге сәйкес, Алматы қаласында 5-7 шілде аралығында қатты жауын-шашынға байланысты өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп, қауіпті белгілерден асқан жағдайда тау бөктері мен соған жақын аудандарда су тасқыны болуы мүмкін. Осыған байланысты ТЖД өкілдері тұрғындарды Үлкен, Кіші Алматы, Қарғалы, Ақсай өзендерінің жағалауларына жақындамауды сұрайды.

Синоптиктердің болжауынша, Солтүстік Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.