17 жыл бұрын шетелдіктер асырап алған қазақ жігіт туған анасымен кездесті

Ғалиасқар Думан

17 жыл бұрын канадалықтар асырап алған Райан Жандос Ақтауға келіп, туған анасымен және нәрестелер үйінің тәрбиешілерімен кездесті, , деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Mangystaumedia.kz

Mangystaumedia.kz хабарлауынша, жігіт туралы сюжетті Маңғыстау облыстық телеарнасы көрсеткен. БАҚ мәліметтері бойынша, Канададан келген ерлі-зайыптылар баланы небәрі 10 айлық кезінде асырап алған. Бала өскен соң, туған ата-анасын табу туралы шешім қабылдаған. 17 жылдан кейін Жандос анасымен кездесті. Туыстарын табуға журналист Жанар Байсемізидің «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы көмектескен.

«Біз Жандостан оны асырап алғанымызды жасырған жоқпыз. Оған өзінің туған анасымен кездесу туралы шешімді өзі қабылдайтынын айттық. Торонтода ол қазақ достарымен жиі кездесіп, араласып тұрды. 17 жасқа толғанда, достары оған туған анасын табуға кеңес беріпті. Біз оның ниетін қолдап, Жанар Байсемізбен байланыстық. Осы адамның арқасында біз Жандостың анасын таптық», - деді жігітті асырап алған Шанас Мұхаммед.

Райан Жандостың өзі Қазақстаннан жақсы әсер алғанын айтады.

«Мен үшін тоғыз күн тым аз. Жайлауға бардым, домбырамен таныстым. Ақтауда Каспий теңізі болса, Канадада Торонто жағалауы бар. Үйлесімділікті қараңыз. Тағдыр маған тіпті туған жеріме оралған күні де су жағасында болуды жазыпты. Әлбетте, бұл сапарды ұмытпаймын. 3-4 жылдан кейін елге қайта оралуды жоспарлап отырмын», - дейді Райан Жандос.

Жандос Ақтауда тағы бірнеше күн болып, 6 шілдеден кейін Канадаға оралмақ.​​