Ақмола облысында жоғалған зейнеткердің денесі табылды

Ғалиасқар Думан

Ақмола облысында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен зейнеткердің денесі табылды. Қызылжар ауылының тұрғыны 1 шілдеден бастап іздеуде болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ақмола облыстық ПД

Облыстың полиция департаменті хабарлағандай, зейнеткердің қайтыс болу фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

«Қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін белгілі болады», - деп атап өтті Ақмола облысының Полиция департаментінің өкілдері.

64 жастағы Николай Зобов 1 шілдеде жоғалып кеткен. Көкшетау полициясына оның қызы жүгінген. Зейнеткерді полиция қызметкерлері мен еріктілер іздестірген.​​