Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлекет басшысы Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Кир Стармерді Лейбористер партиясының жалпы сайлаудағы айқын жеңісімен және оның Біріккен Корольдіктің Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады.
Лейберолистер партиясының жетекшісі Кир Стармер Букингем сарайында Король Чарльз III-пен кездескеннен кейін ресми түрде Ұлыбритания премьер-министрі болды.
Жаңа премьер 61 жаста, заңгер. Сайлау науқаны кезінде ол шекараны қорғауды күшейтуге, салықтарды азайтуға және ЕО-мен қарым-қатынасты жақсартуға уәде берді.
Алдыңғы премьер-Министр Риши Сунак партиясы мерзімінен бұрын сайлауда жеңіліп қалғаннан кейін отставкаға кетті.