Түркі мемлекеттерінің ұйымы: Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

Сырым Қаржас

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бүгін Әзербайжанның Шуша қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми Саммиті қарсаңында өткен ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СІМ

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс-шараға қатысушылар Ұйымның қызметін жетілдіру және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Көлік, логистика, коммуникация және климаттық өзгерістерге қарсы күрес сияқты салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығы аталып өтті.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы М.Нұртілеу өз сөзінде Қазақстанның «TURKTIME!» ұранымен өтіп жатқан 2023-2024 жылдардағы ТМҰ-дағы төрағалығы туралы айтып берды. Ол сондай-ақ біздің еліміздің Ұйымды одан әрі дамыту және оның әлемдік аренадағы беделін нығайту жөніндегі көзқарасын белгіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша Мажарстандағы ТМҰ Өкілдік Кеңсесінің Атқарушы директорын тағайындау туралы шешім қабылданды, сондай-ақ ТМҰ Мемлекет басшылары Кеңесінің алдағы отырысы барысында қол қойылатын құжаттар бекітілді.