ЕУРО-2024: жартылай финалдың барлық командалары анықталды

Сырым Қаржас

Германияда өтіп жатқан футболдан Еуро-2024 біріншілігінің барлық жартылай финалистері анықталды, деп хабарлайды Ulys Sport.

UEFA

Матчтар екі күндік үзілістен кейін өтеді.

6 шілде күні түнде Еуро-2024 турнирінің ширек финалдық кезеңі аяқталды. Осыдан кейін Еуро-2024-тің екі жартылай финалдық жұбы анықталды.

Еуро 2024. 1/2 финал

Испания - Франция
Англия - Нидерланды

Бірінші жартылай финалдық ойын 9 шілдеде Мюнхенде өтеді. Екінші матч келесі күні Дортмундта өтеді. Жеңілген екі команда да қола медаль алады.

Жеңімпаздар 14 шілдеде Берлинде өтетін ақтық бәсекеге жолдама алады.