"Тур Де Франс": Француз велоспортшысы жарыс кезінде жұбайын сүйгені үшін айыппұл арқалады

Сырым Қаржас

"Тур Де Франс" велотурнирінің кезекті кезеңін жүріп өткен Жюльен Бернар жұбайын сүйемін деп ыңғайсыз жағдайға қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Thomas Samson/AFP/dpa/picture alliance

Нақтырақ айтсақ...

Велосипедші жарыстың жетінші кезеңін аяқтап жатқан тұста әйелімен амандасу үшін аз-кем аялдай тұрған. Және жұбайының ернінен сүйген. Ал спорт ұйымы Бернардың бұл әрекетін «жарыс кезіндегі жағымсыз немесе әдепсіз мінез-құлық, спорттың беделіне кір келтіру» деп бағалаған.

Қандай шешім шығарылды

Халықаралық весипедшілер одағы жарыс кезінде спорттық емес қылық көрсеткен Жюльен Бернарды 200 швейцариялық франк (223 доллар) көлеміндегі айыппұлмен жазалады.

Кешірім сұрады

Велосипедші өзінің ыңғайсыз іәрекеті үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды. Бірақ ол «осын сәт қайтадан қайталанатын болса, оны бастан өткеру үншін күн сайын осындай айыппұл төлеуге» дайын екенін айтып, ағынан жарылды. Ол жарыс кезінде жақындарымен кездесу мұндай сәт сирек кездесетінін айтты. Ал оның мансабындағы – керемет сәт.