Балаларға шабуыл жасады деген күдікпен іздестірілген жасөспірім Қазақстан-Ресей шекарасында ұсталды

Ғалиасқар Думан

Ақтөбе облысында балаларға бұрыш спрейімен шабуыл жасаған жасөспірім Қазақстан мен Ресей шекарасын кесіп өткелі жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: скриншот

«Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Ақтөбе облысы полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған күдіктіні шекарадан өтпек болған кезінде ұстады», — деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

14 жастағы жасөспірім басқа балаларға қарсы газ баллонын қолданып бұзақылық жасады деген күдікпен іздестірілген.

Баланың анасымен бірге Ресейде тұратыны белгілі болды. Ол Қазақстанға демалыс уақытында әкесіне келген.

«Ол үйіне оралғаннан кейін Саратов полицейлері онымен профилактикалық жұмыс жүргізеді», - деп хабарлады Саратов облысы бойынша ішкі істер басқармасы.​​