Ақтөбе тұрғыны балалардың көзінше үш адамға пышақпен шабуыл жасады

Айнель Аянова

Ақтөбеде ер адам жолаушылар мен балалардың көзіншк үш адамға пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

«Күдікті анықталып, ұсталды. Денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліе жатыр», - деп хабарлады Ақтөбе полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнында түсірілген видео Egov Press Telegram-арнасында жарияланды. Бейнеде футболка киген,  киімі қанға боялған ер адам көрінеді. Оның айналасында онымен сөйлесіп тұрған бірнеше полицей бар. Болып жатқан оқиғаны адамдар тобының қарап тұрғаны байқалады.​​​​​​