БҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тапты

Айнель Аянова

Орал-Атырау автожолында болған жол апатынан төрт адам қаза тауып,  екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: ашық дереккөзден

«Мой город» басылымының жазуынша, Орал-Атырау автожолында 7 шілде күні шамамен сағат 22:00-де екі көлік соқтығысқан.

«Сағат 22:00-де Атырау-Орал тас жолында Тайпақ ауылы маңында жол-көлік оқиғасы туралы шақырту түсті. 103 бригадасы келгенге дейін төрт адамның қайтыс болғаны тіркелді. Сонымен қатар, екі адам жарақат алды. Олардың бірі - 50 жастағы ер адам қаралудае және ауруханаға жатудан бас тартты. 1966 жылы туған екінші ер адам Тайпақ ауылының ауруханасына жеткізілді. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем тағайындалды», - деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.​​