Ресейде ислам жайлы пьеса қойған екі қыз 6 жылға сотталды

Ғалиасқар Думан

Ресейде режиссер Евгения Беркович пен драматург Светлана Петрийчук терроризмді ақтау ісі бойынша алты жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz..

Фото: ria.ru

Бұл туралы «Осторожно, новости» тілшісі Мәскеудегі Екінші Батыс округтік әскери сотының залынан хабарлады. Сондай-ақ, театр қызметкерлеріне үш жыл бойы интернет-ресурстарды басқаруға тыйым салынды. Прокурор айыпталушылар үшін жалпы режимде 6 жыл сұраған болатын.

Беркович пен Петрийчук 2023 жылдың мамыр айында қамауға алынған. Оларға радикалды ислам өкілдеріне тұрмысқа шығуға шешім қабылдаған әйелдер туралы баяндайтын «Финист — Ясный Сокол» қойылымында терроризмді ақтау бабы бойынша айып тағылды.​​