Қазақ қызы Солтүстік Америкадағы ең биік шыңды бағындырды

Қалижан Бектемір

Қазіргі Абай облысының тумасы Индира Уивер (Сахаулова) Солтүстік Америкадағы Денали (Мак-Кинли) ең биік шыңын бағындырған алғашқы қазақ атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Индираның веке архивінен

Қазақпараттың хабарлауынша, жұбайы Саймон Уивермен екі бала өсіріп отырған 46 жастағы Индира Ұлыбританияда тұрады. Албпинизмге қызығатын ол экспедицияларын әртүрлі мақсаттарға ақша жинауға арнайды.

Соңғы рет ол биліктгі 6 194 метр болатын Денали шыңына шыққан. 18 күндік экспедиция көмекшісіз, тікұшақсыз ауыр өтті дейді ол.

— Денали шыңына шыққанымды мақтан тұрамын. Өзіммен бірге Қазақстан туын, Кәріпбек Күйіковтің суретін және Абай Құнанбайұлының “Қара сөздерін” алып алдым, — дейді Индира.

Индираның сапарының мақсаты — тек жеке мүдде емес, Семей полигонының салдары туралы ақпараттандыру. Полигоннан 130 км жерде дүниеге келген ол радиациялық сәулеленудің салдарына өз көзімен куә болған. 

Суретші Кәріпбек Күйіковпен ол әлем назарын ядролық сынақтың жергілікті халыққа ықпалына және экожүйеге аударуға ұмтылып келеді. Индира Деналиға апарған картинаны Күйіков арнайы осы мақсатта салған. 

Сондай-ақ олар Семейдегі балалар үйі үшін GoFundMe науқаны аясында қаржы жинап жүр. Ол балалар үйі туабітті неврологиялық және физикалық кемістігі бар, радиациядан туындаған генетикалық мутацияға байланысты ауруларға шалдыққан балалар тәрбиеленетін балаларды жинаған. 

Индира осы күнге дейін Атлас тауындағы Тубкале (4 167 м), Батыс Еуропадағы Монблане (4 805 м), Африкадағы Килиманджаро (5 895 м) Еуропадағы Эльбрус (5 642 м), Оңтүстік Африкадағы Аконкагуа (6 962 м) шыңдарына шыққан. Болашақта ол әр континенттің ең биік шыңдарын бағындыруды жоспарлап отыр.