Қызылорда қаласында 50-ден астам мұғалім мектепке заңсыз қабылданған

Ғалиасқар Думан

Қызылорда облысында прокуратура мектептер мен балабақшаларда жалған дипломмен жұмыс істеп жүргендерді анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: edu.mcfr.kz

Тексеру барысында Байқоңырдағы 2 мектепте – 3, Қазалыда 3 мектепте – 4, Қармақшыда 1 мектепте – 2 қызметкердің жалған дипломмен жұмыс істегені белгілі болды. 

«Сондай-ақ Сырдария ауданының балабақшаларында жалған дипломмен 11 тәрбиешінің жұмыс жасау дерегі тіркелді. Материалдар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция органдарына жіберілді. Одан бөлек, Қызылорда қаласындағы мектептерде 50-ден астам мұғалім заңсыз конкурссыз қабылданған. Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы құзыреттілігі жоқ болса да мамандарды тікелей мектепке мұғалім ретінде тағайындаған», - деді облыстық прокуратура өкілдері.

Ведомство мәліметінше, тексеру нәтижесінде 56 қадағалау акті енгізіліп, 1100 (353 тәртіптік, 747 әкімшілік) адам түрлі жауаптылыққа тартылған. Оның ішінде Қызылорда қалалық білім бөлімінің бұрынғы басшысы қызметінен босатылған.