Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады

Сырым Қаржас

«Қазгидромет» РМК шілденің 11-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, бүгін еліміздің аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне орай найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады және қатты жел соғады. Солтүстік-батыста, елдің оңтүстік-шығыс тауларында қатты жаңбыр жауады.

Біршама облыста жел күшейеді

Елдің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ғана антициклон сілемінен күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, республиканың солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда – тұман түседі.

Кей облыстарда қатты ыстық болады

Күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық болады, Қызылорда облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысында, Атырау облысының солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, қиыр шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Өрт қаупі бар

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облысының батысында, Ұлытау облысының батысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, төтенше өрт қаупі сақталады