Өлім жазасына кесілген адам Конституциялық сотқа жүгінді

Ulysmedia

Конституциялық сот сотталған адамның шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселесі бойынша өтінішін қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Kursiv/Аскар Ахметуллин

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТҚА ӨТІНІШ ТҮСТІ

Конституциялық сотқа азаматтан өлім жазасынан өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауысқандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босауын қарастырмайтын Қылмыстық кодекс тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтініш түсті. 

ОЛ РАҚЫМШЫЛЫҚҚА ІЛІККЕН

Өтініш авторының өлім жазасы рақымшылық тәртібімен өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасына ауыстырылған. 

“Мерзімінен бұрын босауды қолдануға шектеу қазіргі таңда жаза түрінің жоқ болуына байланысты белгіленген. Конституцияның 15-бабында өлім жазасына тыйым салынған, ал қылмыстық және қылмыстық-атқарушы заңнамадан ол туралы норма алынып тасталған. Осылайша, осы айтылған сотталғандар тобы үшін ҚР ҚК бұл шектеудің сақталуы Конституцияға сай келмейді”, – деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар соттың мерзімінен бұрын босату мәселесін қарастыруы өмір бойына бас бостандығынан айырылған адамның міндетті түрде босатылатынын білдірмейді. 

“Осыған орай КС ҚР ҚК 72-бабының 8 пункт 1 бөлімі Конституцияға сай емес деп таныды және үкіметке құқықтық ұсыныстарға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Мәжіліске тапсыруды ұсынды”, – деп нақтылады сот.