ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі мен мәслихат деруттары бірлесіп Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттік жатақханаларын аралап, олардың жағдайы мәз емес екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жатақханалардың жағдайымен оқу орынның проректоры Суатай Сәбит таныстырған.
“ҚазҰУ жаттақханасына келдік. Алпысыншы жылдарда қалып қойған сияқты”, – дейді Нұргүл Тау.
Студенттер қалашығындағы ең ескі жатақхана деп таныстырған №9 студенттер үйі «Ұлттық университеттің» жатақханасы деп атауға тіпті ұятты жағдайда. Жатақханада ас әзірлейтін және кір жуатын орын бір жерде орналасқан. Студенттердің айтуынша, кейде кір машиналардан суы ағып, ас бөлмесі көл болады екен дейді депутат.
“350 адам тұратын жерде 12 камера ғана бар. Кір жуатын жер мен ас әзірлейтін бөлме бір жерде екен. 211 студент тұратын тағы бір жатақханада дабыл түймесі істемейді. Қазір бірдеңе болса, ешкім ештеңе істей алмайды деген сөз”, – дейді министрлік өкілі Ақерке Абырайхан.
ҚазҰУ жатақханалары
Қазақ Ұлттық университетінің 6 мыңға жуық орынмен қамтитын 15 жатақханасы бар. Жатақханаларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күзет компанияларымен келісімшарттар да жасалмаған болып шықты. Ішкі күзет деп шақыртқан мамандарының студенттердің өміріне қауіп төнген жағдайда қалай қимыл жасайтыны да белгісіз дейді депутаттар.