Министрлік сарбазға жасалған зорлық-зомбылықты растады

Әлихан Асқақ

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында комаға түскен 19 жастағы сарбазға жасалған зорлық-зомбылық фактісін растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

ҚазАқпарат агенттігінің мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда сарбаздың жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланып отыр.

Сарбаз Алматы қаласындағы әскери-клиникалық госпитальда жатыр. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. Әскери дәрігерлер мен басқа да мамандар оны тексеріп, барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Аталған факті бойынша қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған сержантқа қатысты тергеу басталды. Бүгінде әскери-тергеу органдары әскери қызметшіге қатысты жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, – деді ведомство өкілі Руслан Жангулин.