Елімізідің Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-ның биылғы басты қорытынды мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Республика бойынша 181 мыңнан астам талапкер (екі мүмкіндікті есепке алғанда 326 мың рет) ҰБТ тапсырды.
Оның ішінде, талапкерлердің 75,1%-ы қазақ тілінде, 24,8%-ы орыс тілінде, 168 талапкер ағылшын тілінде тестілеуден өткен.
Сондай-ақ
Ал тестілеу кезінде ереже бұзған 628 адамның нәтижелері жойылды.
Атап өтсек:
смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 393 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
Апелляциялық өтініш
Биыл 65 мыңнан астам апелляциялық өтініш келіп түсті. Апелляцияны қарастыратын комиссия жұмысын 13-14 шілде аяқтайды, содан кейін талапкерлердің сертификаттары Жеке кабинетте қолжетімді болады.
Сондай-ақ ҰБТ кезеңінде электрондық пошта, call-орталық, әлеуметтік желілер бойынша 300 мыңға жуық өтініш өңделді.
Естеріңізге сала кетсек, Биылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін осы жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.