Нигерияда мектеп құлап, 22 адам қаза тапты

Сырым Қаржас

Нигерияның Джос қаласында мектеп құлап, салдарынан 22 адам қаза тауып, 132-сі жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Мұндай жайсыз хабарды жергілікті әкімшілік таратты.

“Плато штатының әкімшілік орталығы Джос қаласындағы екі қабатты бастауыш және орта мектеп ғимараты таңертең, оқушылар емтихан тапсырып жатқан сәтте құлаған. Қираған ғимарат астында 154 адамның қалып қойғаны белгілі болды. Өкінішке қарай олардың 22-сі алған жарақаттарынан қаза тапқан”, деді Плато штатының ақпарат және коммуникация комиссары Мұса Ашомс.

Дәрігерлердің айтуыншағ жараланғандардың алтауының жағдайы өте ауыр.