Қырғыз ұлттық банкі 34,3 млн долларды не үшін сатып алды

Сырым Қаржас

Қырғызстанның ұлттық банкі жуырда ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында кері интервенция жүргізіп, валюта нарығынан 34 млн 300 мың АҚШ долларын сатып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аkchabar.kg

Осылайша реттеуші мәміле жасалған күнгі есеп айырысумен 17,5 млн доллар және мәміле жасалған күннен басқа күні тағы 16,8 млн доллар сатып алды.

Бұл — жыл басынан бері шетел валютасын сатып алу бойынша 11-ші интервенция болып отыр.

Қазіргі уақытта доллардың ресми бағамы төмендеп жатыр және 12 шілдедегі көрсеткіш бойынша — 85,31 сом, ал еуро — 92,54 сом.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР ҰБ 19 маусымда — 62,5 млн доллар, 7 маусымда — 40,7 млн доллар, 4 маусымда — 16 млн 900 мың доллар, 21 мамырда — 31,5 млн доллар, 7 мамырда — 17,7 млн доллар, 26 сәуірде — 24,5 млн доллар, 22 сәуірде — 25 млн 850 мың доллар, 16 сәуірде — 19,2 млн доллар, 8 сәуірде — 17,1 млн доллар, 27 наурызда — 9 млн доллар сатып алған.