Алматы облысында 15 ауланы сел шайып кетті

Әлихан Асқақ

Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбыр салдарынан 15 аула аумағы мен үш тұрғын үйді су басты, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скрин

Осы сағатта ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады. Сонымен қатар су басқан аумақтардан суды сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жұмыстарға ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 техника жұмылдырылған.