Наразылар үнемі болады: Скляр утильалымға қарсы петиция жайлы не айтты

Ғалиасқар Думан

Қазақстанның вице-премьері Роман Скляр петицияны және қойылған сұрақтарды қарастырып болған соң бағдарламалар қолға алынатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Не болды?

Роман Скляр үкімет кулуарында Ulysmedia.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

Цитата

"Мен осы уақыт бойы мұқият қадағалап отырдым. Әлеуметтік желілерде бізді қалай сынаса да, үкімет өзінің басты рөлінен - барлық қазақтардың болашағы үшін экономиканы дамыту мен жұмыс орындарын құрудың жетекшісі болудан бір қадам да шегінбейді. Бұл - аксиома және мемлекет басшысы алдымызға қойған міндет. Кеше біз петиция бастамашыларының шын бейнесі мен мақсаттарына, олардың бұл мәселенің көптеген аспектілері бойынша, жұмсартып айтқанда, мүдделілігіне көз жеткіздік", - деді ол.

Алайда петиция бастамашылары барлық рәсімдер сақталмағанын айтып отыр.

"Министрлік, кез келген мемлекеттік орган сияқты, заңда жазылған талаптарды, бұл жағдайда петициялар туралы заң талаптарын орындамай қоя алмайды. Бастамашылардың наразылығы әрдайым болады - олардың конструктивті емес ұстанымы осында", - деп нақтылады Скляр.

Қол қойған 50000 адам ше? 

"Құрметті журналистер, ел мүддесін, Конституцияны және барлық заңдарды сақтауды бірінші орынға қоятын қазақстандықтардың мүдделері ешқашан назардан тыс қалмайды. Егер олар негізделген болса және басқа қазақстандықтардың құқықтарын шектемесе. Бірақ бұл жағдайда, сіздер танымалдылық пен лайктарды қалай жинауға болатынын жақсы көрдіңіздер. Үкіметке келетін болсақ, петицияны және қойылған сұрақтар қарастырылған соң біз жақын арада қазақстандықтар үшін отандық автокөліктерге сұранысты қанағаттандыратын және қолжетімділігін арттыратын бағдарламаларды қолға аламыз", - деді Скляр.