Астанада ЛГБТ насихатына қарсы петиция талқыланды

Ulysmedia

"Феминита" ұйымы Астанада кездесу өткізіп, петицияға қарсы күресті талқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

“Феминита” Астанада ашық және жасырын ЛГБТ насихатына қарсы петициямен күресті талқылады. 

Жуырда өтінішті қарау бойынша ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі жұмыс тобының екінші отырысы өткен еді. 

Кездесуде осы отырыстан бөлек, гомофобиямен, кемсітушілікпен, өшпенділікпен, манипуляциямен қалай күресуге болатыны талқыланды.

“Жаңа қиындықтар мен алаңдаушылықтар алдында жанашырлық, жылы сөздер және бірге болу мүмкіндігі бәріміз үшін бұрынғыдан да маңызды”, – деп жазды ұйым өкілдері.