Журналист Данияр Әділбековтің ісі сотқа жіберілді

Әлихан Асқақ

Журналист Данияр Әділбековтің ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Данияр Әділбеков 27 наурызда қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жатқызылған. Оған Қылмыстық кодексінің 419-бабы – “Көрінеу жалған ақпарат” бойынша айып тағылған. 

Одан кейін бапты 419 баптың 3-бөлігіне – “көрінеу жалған ақпарат жеткізу” деген бапқа өзгертілгені сұралды. Қазір оны жалған ақпарат таратты деп айыптап отыр. 

Әділбеков қазір қамауда. 

Бұған дейін журналистің адвокаты Әділжан Маутқанов Данияр Әділбековтің әріптестеріне ескертуі жібергенін айқтан еді. 

“Клиентімнің сөзін жеткізгім келеді. Ол ҰҚК қызметкерлері тергеу аясынан шығатын деректерді де алуға тырысып жатқанын айтты. Ол әріпетстеріне, Александр Белилов, Кирилл Павлов, Ернар Әкімқұлов, Асхат Ниязов, Самал Ыбыраева, Гүлнар Бажкеноваға олар туралы ҰҚК сұрастырып жатқанын ескертеді. Олар тергеуші мен адвокаттың қатысуынсыз сұрастырады”, – деген еді адвокат.