"Орыстар үйретті": Ақмола облысында қазақтарға тіл тигізген тұрғын ұсталды

Әлихан Асқақ

Желіде Ақмола облысының тұрғыны Семён Агафоновтың қазақтарға тіл тигізіп жатқан видеосы тарап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia

Видеода Семён Агафонов Украинаны қолдайтын қазақтарды “мамбеттер” деп атаған. Ол қазіргі Украина жеріндегі Кеңес Одағында дүниеге келгенін айтады. 

Ақмола облысының полициясы Агафоновты қамауға алғанын хабарлады. 

“Ол мас күйінде балаған сөз айтқан, сонымен қатар ұлтқа тіл тигізетін сөздерді қолданған”, – деп жазылған хабарламада. 

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар балағат сөз айту фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған. Іс материалдары сотқа жіберілді.